02 шілде 2021 | 09:08

Атырауда көлік терезесінен денесін шығарып отырған жігіттердің видеосы тарады

© polisia.kz

Атырауда әскерден келген досын күтіп алып, жол ережесін бұзған жігіттер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда әскерден келген досын күтіп алып, жол ережесін бұзған жігіттер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

30 маусымда сағат 14:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері автокөлік терезелерінен денесін шығарып, қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде темір жол вокзалынан шыққан Lexus RX, Nissan Primera, ВАЗ 2110 маркалы автокөліктерін тоқтатқан.

Тексеріс барысында аталған автокөлік жүргізушілері әскерден келген 19 жастағы досын темір жол вокзалынан күтіп алып келе жатқанын, сол себепті автокөліктің терезесінен және люктан бастарын шығарып, қауіпсіздік белдігін тақпай, жол ережесін бұзғанын айтып, бәрі де кінәсін толықтай мойындаған.

Реклама
Реклама

Аталған Lexus RX автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісіне қатысты, Nissan Primera автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісіне және Ваз 2110 автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен ("Қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізгені үшін") әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ал автокөліктің қозғалысы кезінде терезенің терезесі мен люктан басын шығарған 18 және 19 жастағы үш жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлімімен ("Автокөліктің қозғалысы кезінде автокөліктің терезесінен денесін шығарып, жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамағаны үшін") әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 5 834 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная