Атырауда коронавирустан тағы бір дәрігер қайтыс болды

Фото: Ақ Жайық

18 шілдеде Атырауда №4 қалалық аурухананың ренгенолог дәрігері Нариман Ақпанов қайтыс болды. Бұл - Атырауда қайтыс болған бесінші медицина қызметкері, - деп хабарлайды azh.kz.

18 шілдеде Атырауда №4 қалалық аурухананың ренгенолог дәрігері Нариман Ақпанов қайтыс болды. Бұл - Атырауда қайтыс болған бесінші медицина қызметкері, - деп хабарлайды azh.kz.

Кеше дәрігердің әріптестері оның отбасына көңіл айтып, желіде жазбалар жариялады. Дәрігердің неден қайтыс болғаны хабарланбады. Бірақ ол пневмониямен ауырғаны және COVID-19-ға сынамасы оң нәтиже көрсеткені белгілі. 

«Нариман Зұлпыхарұлы көптеген жыл бойы біздің №4 емханада жұмыс істеп, терең білімі мен машықтарын науқастарды емдеуге арнады. Оның әзілқойлығы мен адамгершілік сезімі, әділеттілігі, ұстанымын қорғай білуі біз үшін әрқашан үлгі болды", - деп жазды марқұмның әріптестері.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама