25 қаңтар 2019 | 15:29

Атырауда мас күйде жанжал шығарған екі қытайлық ұшақ рейсінен түсірілді

© unsplash.com

"Атырау-Астана" әуерейсінен екі адамды түсіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Атырау-Астана" әуерейсінен екі адамды түсіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне "Эйр Астана" әуекомпаниясы өкілдері ішкі рейстер бойынша "Атырау-Астана" бағыты бойынша тіркеуге алу кезінде екі жолаушының жат мінез көрсеткенін хабарлаған.

Реклама
Реклама

"Арыз берушілердің айтуынша, құқықбұзушылар мас күйде өздерін ашушаң ұстап, ескертулерге құлақ аспай, әуежай қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Тексеру барысында олардың Қытай азаматы екені анықталған. Олардың жасы 51-де және 41-де", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, ұсталғандар "орта деңгейде" мас болғаны анықталды. 

Ер адамдарға әрқайсына 5 АЕК (12 625 теңге) айыппұл салынды. Атырау сотының шешімімен ұсақ бұзақылық дерегі бойынша олардың әр қайсына әкімшілік айыппұл салынды - 5 АЕК (12 625 теңге).


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная