ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2020 | 16:37
Атырауда маска тағудан бас тартқан жолаушы ұшақ бортынан шығарылды
Маска тағудан бас тартқан Атырау - Ақтау әуе рейсінің жолаушысы ұшақ бортынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маска тағудан бас тартқан Атырау - Ақтау әуе рейсінің жолаушысы ұшақ бортынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Атырау әуежайындағы полиция бөліміне Qazaq Air әуекомпаниясына өкілінен шағым түсті. Ол Атырау - Ақтау әуе рейсінде құқықбұзушы бар екенін айтқан", - дейді көліктегі полиция департаменті басшысының орынбасары Қалижан Қобыландин.
Полицияның мәліметінше, Ақтөбе қаласының 60 жастағы тұрғыны экипаж мүшесі мен командирдің талабын орындамай, маска тағудан бас тартқан.
"Осылайша, ол карантин талабын орындаудан бас тартты. Жолаушы мас болған. Ол арнайы сараптама барысында белгілі болды. Тәртіпті бұзған жолаушы бұл рейстен шығарылды. Құқық бұзушының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440 бабы 1-бөлігі және 566 бабы бойынша 8 АЕК негізінде (22 224 теңге) айыппұл салынды", - дейді көліктегі полиция қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ, күдіктінің үстінен ҚР Әкімшілік кодексінің 425 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также