Атырауда мектептегі жанжалдан кейін оқушы жоғалып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
Атырауда мектептегі жанжалдан кейін оқушы жоғалып кеткен Фото:depositphotos.com

Атырауда 15 жастағы оқушы Інжумаржан Қуанышқызына іздеу жарияланды. Қыздың анасы оның жоғалуын мектеп әкімшілігімен қатысты жанжалмен байланыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырауда 15 жастағы оқушы Інжумаржан Қуанышқызына іздеу жарияланды. Қыздың анасы оның жоғалуын мектеп әкімшілігімен қатысты жанжалмен байланыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқушының анасы Ғалия Тұяққалиева оқу жылының басында қызын жаңа мектепке ауыстырғанын айтқан. Кейін оқушы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары арасында түсініспеушілік туындап, анасының сөзінше, сыныпта оған қарсы түсініктеме жинала бастаған. Әйел бұл жағдай бойынша e-Otinish порталына шағым жолдаған.

"Қызыма директордың орынбасары тарапынан қысым көрсетілді. Сыныптастарын оған қарсы түсініктеме жазуға мәжбүрлеген. Осыдан кейін құжаттарын алып кетуге итермеледі", - делінген анасының мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Әйелдің айтуынша, 19 ақпанда оған мектептен қоңырау шалған, алайда жұмыста болғандықтан бірден жауап бере алмаған. Келесі күні мектепке барған кезде оған оқушылардың түсініктемелері көрсетіліп, қызының құжаттарын алуы қажет екені айтылған.

Осыдан соң қыз үйіне барған, бірақ біраз уақыттан кейін қайтадан пәтерден шығып кетіп, қайтып келмеген. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімге іздеу жарияланып, оны полиция іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ, басылым мәліметінше, 10 "П" сыныбының ата-аналары директор орынбасарының жұмыс әдістерін тексеруді сұрап, ұжымдық өтініш жолдаған. Өтініште оқушылардан түрлі себептермен түсініктеме жаздыру, сыныпты тарату туралы ескертулер айту, балалардың телефондарын сабақ бойы алып қою және жағдай талқыланған кезде ата-аналар чатын жабу деректері көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама