25 қазан 2024 | 16:09

Атырауда мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Аймақ басшысы салтанатты жиында тұрғындарды мерекемен құттықтап, елдіктің нышаны болған егемендіктің қадір-қасиетіне тоқталды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Аймақ басшысы салтанатты жиында тұрғындарды мерекемен құттықтап, елдіктің нышаны болған егемендіктің қадір-қасиетіне тоқталды, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ел еркіндігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде ана тіліміз, төл тарихымыз, әлеуметтік-экономикалық және рухани құндылықтарымыз қайта тұғырына мінді. Келешек ұрпақты алдағы күндерге апаратын басты мұрасы, бабалар арманы - Тәуелсіздік. Азаттықты сақтап, халық сенімін нығайтудың басты факторы - бейбітшілік пен келісім. Кез келген ұлы идеялар бейбіт кезеңде жүзеге асады.

Реклама
Реклама

Осы жылдар ішінде біз ел ретінде үлкен даму сатыларынан өттік. Экономикада, мәдениетте, спортта алуан биіктерді бағындырдық. Бүгінгідей мерекелер, ұлттық атаулы даталар патриоттық сезімдерді қалыптастырады, өткеніңмен қауыштырады. Ардақты жерлестер! Баршаңызға бейбітшілік пен береке-бірлік тілеймін! - деді С.Шәпкенов.

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Атырау облысының әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
ҰҚК үш қазақстандықты ұстады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная