Атырауда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Атырауда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты жиында аймақ басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік Рәміздеріміздің құндылығын атап өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама

"1990 жылы дәл осы күнде біз алғаш рет өзіміздің егемендегімізді алып, 25 қазанда декларация қабылданды. Сол сәттен бері еліміз қарқынды даму үстінде. Біз бүгінгі ұлттық мерекемізде көк туымызды биікке көтеріп, ашық аспан астында желбіретудеміз. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Әрқашан жұртымыз тыныш, еліміздің мәртебесі биік болсын! Көк туымыздың астында Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!" - деді С.Шәпкенов.

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Атырау облысының әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама