Атырауда пәтерден ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
azh.kz

Атырауда пәтерден ер адам өлі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда пәтерден ер адам өлі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда Береке ықшамауданы, № 24 үйде ер адамның сүйегі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен. Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде белгілі болған.

"Иіс бүкіл кіреберісті алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, "Белизнамен" жудық. Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрысын білмейміз", - дейді көршілердің бірі.

Реклама
Реклама

Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама