05 қазан 2019 10:43

Атырауда перзентхана тоңазытқышында нәресте өлімінің мән-жайы анықталды

"Ак Жайык" интернет-басылымының журналистері Атырау облыстық перинаталдық орталықта жаңа туылған сәбидің өлімінің мән-жайын білді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ак Жайык" интернет-басылымының журналистері Атырау облыстық перинаталдық орталықта жаңа туылған сәбидің өлімінің мән-жайын білді. 

Басылым мәліметінше, оқиға 29 қыркүйекте болған. Сол күні перинаталдық орталықта шақалақ дүниеге келген. Ол тыныс алмаған, қозғалмаған, сол себепті оны "өлі туылды" деп тіркеген. 

Реклама
Реклама

Алайда баланы тоңазытқыш камерасына жеткізгенде, оның аяғы қимылдаған. Сол кезде акушер-гинеколог бас дәрігер Қуаныш Нысанбаевқа қоңырау шалған, ал ол болса тоңазытқышта "қалдыра беру" керектігін айтқан. 

Дәрігерлер Нысанбаевтың телефонын антикоррупциялық қызмет мамандары тыңдап жүргенін білмеген. Бас дәрігер бірнеше рет пара берді деген күдікпен "тыңдалған". Соңында адам өлтіру дерегі анықталды. 

Бас дәрігер мен акушер-гинекологқа қатысты "Адам өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Олар 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram