Атырауда ірі көлемде жалған ақша сатумен айналысқан күдікті ұсталды

viewings icon 134
comments icon 0
Фото: Атырау облысы ПД Фото: Атырау облысы ПД

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысқан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады.

"Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ доллары болатын 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді. Оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сататындығы анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің жалған ақша қаражаттарын қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная