13 қыркүйек 2023 | 17:42

Атырауда «Sarayshyq upgrade - 2023» халықаралық жастар форумы басталды

Бүгін Атырау қаласында ІТ, маркетинг, музыка және киноматография бағыттарын қамтитын «Sarayshyq upgrade - 2023» халықаралық жастар форумы басталды. Екі күнге жалғасатын шараға қатысу үшін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдері және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан бас-аяғы 200-ден астам жас қыз-жігіт келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Атырау қаласында ІТ, маркетинг, музыка және киноматография бағыттарын қамтитын «Sarayshyq upgrade - 2023» халықаралық жастар форумы басталды. Екі күнге жалғасатын шараға қатысу үшін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдері және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан бас-аяғы 200-ден астам жас қыз-жігіт келді.

Реклама
Реклама

Форумның ашылу салтанатында облыс әкімі Серік Шәпкенов сөз сөйлеп, Атырауда дарынды жастарды қолдауға арналған креативті индустрия орталығы ашылатынын мәлімдеді.

"Осы залда жиналған жалынды жастардың бойынан тұлғалық дамуға деген ынта-жігерін көріп тұрмын. «Sarayshyq upgrade - 2023» форумының атауын да жастар өздері таңдап алды. Олар бұл ретте тарихымызға терең еніп, жан-жақты ізденгенін танытып отыр. Сіздердей жалынды жастары бар біздің елдің жетер жетістігі мол. Бұл форум өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға, мол тәжірибе алмасуға септігін тигізеді деп есептеймін. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастарды алға жетелейтін, тың идеясын іске асыруға мүмкіндік беретін, мәдениетімізді жаңа бағытта насихаттайтын креативті индустрияны қолдау қорын ашу туралы тапсырма берген еді. Бұл ретте облыстық әкімдік жастарға кино, ІТ технология және түрлі бағыттағы жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін жастар орталығын ашпақ. Осы ретте оның қандай бағытта жұмыс істейтінін айқындау үшін сіздерден ұсыныс күтемін", - деді С.Шәпкенов.

«Sarayshyq upgrade - 2023» халықаралық жастар форумы 13-14 қыркүйек аралығында өтетінін айтып кету керек. Облыс әкімі бұл жастар форумын жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыруды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная