ПОДЕЛИТЬСЯ
30 мамыр 2019 | 12:38
Атырауда шомылуға болмайтын 15 қауіпті аймақ тіркелген
Атырауда бірінші тоқсанда 4 адам суға кетті. Олардың екеуі балалар. Ал былтыр 22 адам судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, ажал құшқан болатын. Олардың тең жартысы - мектеп оқушылары. Тағы 9 адамды құтқарушылар аман-есен алып қалды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір тұрғындардың өмірін кездейсоқ қауіп-қатерден сақтау үшін ТЖД мен суда құтқару қызметінің сүңгуірлері күн-түні кезекшілік атқарып жатыр. Сонымен қатар, жағажайдағы демалушыларға құтқару шараларын да үйретеді.
Ал "Батыс" өңірлік жедел құтқару жасағында 66 адам бар. Сүңгуірлер арнайы техникалармен толық жабдықталған. Өкінішке қарай, қала аумағында ресми рұқсат етілген 2 жағажай ғана бар. Шаһар аумағы ұлғайған сайын 15 қауіпті аймақ тіркелген. Бұл жерлердің барлығы мамандардың жіті назарында.
"Балалар жазғы демалысқа шыққанға дейін мектептердің барлығын аралап, судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп шықтық. 20 мамырдан бастап күшейтілген режимге көштік. Жергілікті полиция қызметі, Төтенше жағдайлар департаменті бірлескен рейдтік шаралары жүргізіп жатырмыз", - дейді "Батыс" жедел құтқару жасағының бөлім басшысы Ербол Бірәлиев.
Показать комментарии
Читайте также