11 қыркүйек 2020 18:04

Атырауда сүйіктісімен жанжалдасқан қыз көпірден секірмек болған

Иллюстрациялық фото kp.ru сайтынан

Атырауда сүйіктісімен жанжалдасып қалған қыз көпірден секірмек болған. Оны полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда сүйіктісімен жанжалдасып қалған қыз көпірден секірмек болған. Оны полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Оқиға 11 қыркүйекте сағат 3.40-та Балықшы-Жұмыскер автомобиль көпірінде болған. Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция патрулінің сол маңнан өтіп бара жатқан экипажы көпір қоршауында тұрған қызды байқаған.

Реклама
Реклама

"Сол кезде аға лейтенант Өмірзақ Абдолов пен лейтенант Бердібек Қабиболлаев көліктен түсіп, қызды секірмеуге көндірді. Кейінірек белгілі болғандай, 20 жастағы қыздың өзін-өзі өлтіруге тырысуына жігітімен жанжалы себеп болған. Олар қызға қатысты профилактикалық әңгімемен шектеліп, әкімшілік хаттама толтырмады, - дейді полициядағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram