ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2022 | 13:50
Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салынды
Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Атырауда бір топ оқушының мектеп ауласында электронды темекі тартқанын көрсететін бейнежазба тараған. Учаскелік инспекторлар оларды анықтап, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
"7 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі ("ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде электронды темекі тарту") бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также