Атырауда трансгендерлер қасақана АИТВ жұқтырды деген деген күдікке ілінді

Атырауда трансгендерлер қасақана АИТВ жұқтырды деген деген күдікке ілінді

Атырауда қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікпен екі адамның заңсыз қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікпен екі адамның заңсыз қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы ПД мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі адам ұсталған. Олар 2025 жылы желтоқсаннан бастап өздерінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интим қызмет көрсетуін жалғастырған.

Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізген.

Реклама
Реклама

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жайтқа қатысты өзінде ауру бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру - ауыр қылмыс", - деді полиция.

Қазақстанның заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір тергеу жүргізіліп, жәбірленушілер анықталып жатыр.

"Әрбір дерекке құқықтық баға беріледі. Әрбір кінәлі адам заң алдында толық жауап береді", - деді полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама