ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2022 | 08:26
Атырауда түнде атыс болды: үш адамды атып өлтірген күдікті ұсталды
Атыраудың Авангар ауданында болған атыстың мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Прикаспийская коммунаға" сілтеме жасап. Бұған дейін жергілікті "Ақ Жайық" басылымы екі немесе үш адам оқ тиіп қаза болғанын, тағы біреуі жараланғанын хабарлаған. Ал Калашников автоматымен қаруланған ер адам із жасырғаны хабарланған.

Қалалық ПД мәліметінше, күдікті ұсталған. Атыста автомат қолданылды деген ақпарат расталмаған.
"15 наурызда сағат 22.10 шамасында Атырау қаласының аумағында атыс салдарынан тапаншадан атылған оқтан 1995 жылы туған және 1999 жылы туған екі ер адам қаза тапты, тағы біреуі 1995 жылы туған, ол оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жедел жұмыстар барысында оқиға орнында 1999 жылы туған ер адамның тағы бір мәйіті табылды", - деп хабарлады полициядан.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Оқиға жеке келіспеушіліктен болған", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также