15 шілде 2021 | 15:46

Атырауда вакцина салдырған ер адам өтірік құлап қалған

Атырауда 22 жастағы ер адам вакцина салдырғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткендей кейіп танытқан, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда 22 жастағы ер адам вакцина салдырғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткендей кейіп танытқан, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы.

14 шілдеде әлеуметтік желілерде вакцина салдырғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткен ер адамға тұрғындардың көмектесіп жатқаны туралы видео тараған болатын. Видеода Атыраудағы "Дина" базарының жанында ер адамның жағдайы нашарлай бастағаны көрсетілген.  

"Дина" базарындағы екпе пунктінің медицина қызметкерлерінің сөзінше, 14 шілдеде сағат 15.00-де Өзбекстанның 22 жастағы азаматы "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырған. 

Реклама
Реклама

"Оған дейін кезекте тұрғанында ол медицина қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, вакцинаның кері әсері туралы видео түсіретінін айтып қорқытқан. Ер адам екпе салдырғаннан кейін 30 минут бақылауда болды, сосын үйіне жіберілді", - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Ал 18.30-да "Дина" базарынан жедел жәрдемге ер адамның жағдайы нашарлап, сіңірі тартыла бастағаны туралы қоңырау түскен.   

"Жедел жәрдем үш сағат бұрын вакцина салдырған Өзбекстан азаматына шақырылған. Ол аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізіліп, 30 минуттан кейін үйіне жіберілді. Себебі денсаулығы қалыпты, ауруханаға жатқызатындай симптом болмады", - дейді медицина қызметкерлері. 

Осыған байланысты Денсаулық сақтау басқармасы атыраулықтардан арандатуларға мән бермеуді және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная