Атыраудағы бір отбасының өлімі: атышулы іс бойынша сот басталды

Атыраудағы бір отбасының өлімі: атышулы іс бойынша сот басталды Фото © Tengrinews.kz

Атырауда Жангелдин ауылындағы бір отбасының өлтірілуіне қатысты сот ісі басталып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда Жангелдин ауылындағы бір отбасының өлтірілуіне қатысты сот ісі басталып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала сот отырысы ашық режимде мемлекеттік тілде өтеді. Сот залында Tengrinews.kz тілшілері бар.


Фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Жарнама
Жарнама

Алдын ала сот отырысы таңғы сағат 11-ге тағайындалған. Басталуына бір сағат қалғанда сот ауласына полицейлер айдауылы келді. Көлікте төрт адамды өлтірді деген басты күдікті - 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев бар.


Фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Күдікті күшейтілген күзетпен жеткізілді.


Фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Оны камуфляж бен оқ өтпейтін кеудеше киген полиция қызметкерлері күзетіп жүрді.


Фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Сотталушының қолы кісенделген.


Фото Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Отырыс алдында сот ғимаратына қаза болған отбасының туыстары жиналды.


Фото: қаза тапқан отағасы Мақсот Қарабалиннің қарындасы Асыла Мұқанғалиева

Бұл кадрлар сот ғимаратында отырыс басталар алдында түсірілген.


Фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Атышулы істі бұған дейін Яна Легкодимованың өліміне қатысты тағы бір резонансты іс бойынша үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина қарайды.

Атырау сотының ғимаратында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Адам өлтіру, ұрлық және алаяқтық: күдіктіге қандай айып тағылып отыр?

Сұлтан Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айып тағылған:

  • 99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
  • 188-баптың 2-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық";
  • 190-бап "Алаяқтық".

Прокуратура мәліметінше, ұрлық пен алаяқтық эпизодтары қаза тапқандардың жеке заттарын жымқыру және олардың малын заңсыз сату фактілерімен байланысты.

Сәрсемәлиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева күдікті деп танылған жоқ

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс сотқа жолданған.

"А. Мұқанғалиеваға қатысты тағайындалған сот-психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы шығуы керек. Сараптама қорытындысы тергеу органына ресми түрде түскеннен кейін оған тиісті процестік құқықтық баға беріледі. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтарды С. Сәрсемалиев жеке өзі жасаған. Бұл қылмысты жасауға өзге адамдардың қатысы бар екені туралы деректер анықталған жоқ", - деп хабарлады прокуратура.

Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің өліміне қатысы болмауына байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған.

"Қылмыс туралы хабарламау дерегі бойынша бөлек іс жүргізу аясында соталды тергеп-тексеру жүріп жатыр", - деп толықтырды прокуратура өкілдері.

Отбасының өліміне қатысты іс

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының жаппай өлтірілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр. 2025 жылғы желтоқсанда туыстары зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балаларының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Сол кездегі мәлімет бойынша, отбасы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері олардың қайда екені белгісіз болған.

Фото: полицияның баспасөз қызметі

Іздеуде төрт ересек адам болды:

  • 66 жастағы Мақсот Қарабалин;
  • 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;
  • 35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалина;
  • 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев.

Әкесі мен анасының денесі қайдан табылды?

Кейін, 6 қаңтарда Жангелдин ауылында зейнеткер ерлі-зайыптының денесі табылды. Полиция мәйіттердің үй ауласындағы шаруашылық құрылыс астынан табылғанын хабарлады.

Ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімінен кейін бірден, 8 қаңтарда полиция іс бойынша негізгі күдіктіні жариялады. Ол отбасының 29 жастағы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев болып шықты. Оның отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге елден кетіп қалғаны анықталды.

Ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Күдіктілер Индонезияда ұсталды

24 ақпанда Сәрсемалиев пен Мұқанғалиева Индонезияның Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды.

Келесі күні, 25 ақпанда ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақбаян Мұқанғалиеваның да іс бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады.

Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері қайдан табылды?

9 наурызда кешке күдікті ерлі-зайыптының Алматыға экстрадицияланғаны белгілі болды. Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргенін мойындап, олардың көмілген жерін көрсетті.

Ағалы-қарындастың мәйіттері Атырау іргесіндегі Геолог шағынауданынан табылды. Олар негізгі күдікті бұрын жалдап тұрған үйдің ауласына көмілген.

11 наурызда Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында Наурыз бен Мейрамгүлді жерлеу рәсімі өтті.

Фотоны дереккөз арнайы Tengrinews.kz үшін ұсынды

Сол кезде қаза тапқан отбасының жақындары редакция тілшісіне Ақбаян Мұқанғалиеваның Атыраудағы психиатриялық мекемеге жіберілгенін хабарлаған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама