03 сәуір 2023 | 14:47

Атырауды көк түтін басты: дәрігерлер терезені ашпауға, бетперде киюге кеңес берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Дәрігер көк түтін басқан Атырау тұрғындарына көшеде бетперде киюге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер көк түтін басқан Атырау тұрғындарына көшеде бетперде киюге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысында өткен брифингте №7 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлнафис Таңбаева қалада тыныс алу органдарының аурулары бойынша есепте тұрған 130 мыңнан аса адам барын, дәл қазіргі уақытта бетпердесіз еш жерге шықпау керектігін айтты. Оның айтуынша, көк түтін адам денсаулығына кері әсер етеді.

Реклама
Реклама

"Қатты қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес беремін. Егер көшеге шықсаңыз медициналық бетперде, респиратор киіңіздер. Терезені ашпаңыздар, кондиционер мен ауа дымқылдатқышын қосыңыздар", - деп кеңес берді Гүлнафис Таңбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram