15 шілде 2020 18:51

Атырауға COVID-19 жұқтырғандарды емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткізілді

15 шілдеге қараған түні Атырау әуежайына медициналық заттар салынған ұшақ қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 шілдеге қараған түні Атырау әуежайына медициналық заттар салынған ұшақ қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

Кеше үкіметтің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 жұқтырғандарды емдеуге арналған препараттар жеткізілген. Облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен үш тонна дәрі-дәрмек "Теңізшевройл" компаниясы ұсынған ұшақпен әкелінді.

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектердің 15 түрін дәріханаларға жеткізу жолға қойылған. Облыстағы медициналық мекемелер 94 пайыз көлемінде қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Дәрі-дәрмек дәріханаларға бүгіннен бастап жеткізілетіні хабарланды. Осы жұмада жүк көлігімен тағы бір партия келеді деп күтіліп отыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram