Атыраулықтар тағы да жағымсыз иіске шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры\архив

Атырау тұрғындары тағы да күйік иісіне шағымданды. Облыс әкімдігі бұл жағдайға қала маңындағы өрт себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау тұрғындары тағы да күйік иісіне шағымданды. Облыс әкімдігі бұл жағдайға қала маңындағы өрт себеп болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау тұрғындары кейінгі күндері тағы да жағымсыз күйік иісіне шағымдана бастады. Осыған байланысты түтін шығу көздерін анықтау және жою жөніндегі жедел штаб отырысы өткен.

"Мониторинг барысында Атыраудан шамамен 20 шақырым жерде, Каспий теңізі бағытындағы "Сасық сай" булану алқаптарының маңындағы түтіндеу көзі анықталды. Оқиға орнында өрт ошағы табылды", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өртті сөндіру үшін ТЖД күштері мен техникасы жіберілген. Мамандар салдарды барынша азайту және қайталанудың алдын алу мақсатында өрт ошағын оқшаулап, толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, маусымда да Атырау тұрғындары күйік иісіне шағымданған болатын. Сол кезде Еркінқала ауылы маңындағы (қала аумағында) "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында 805 гектар аумақта қамыс өртенгені хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама