24 сәуір 2021 | 20:31

Атыс шығарған ер адаммен келіссөз нәтиже бермей жатыр - Алматы полициясы

© Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

Алматы полициясы "Бұхар Жырау Тауэрсте" оқ атқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы "Бұхар Жырау Тауэрсте" оқ атқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

Күдікті пәтерде тығылып жатқаны хабарланды. Қарулы адам диалогқа барудан бас тартады. Сонымен қатар, ол баспалдақ аумағына қарай 10-нан аса оқ атқан. 

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталған үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Полиция азаматтарды сабырға шақырады. Қылмыскерді ұстау және залалсыздандыру бойынша арнайы операция жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жәбірленуші туралы мәлімет айтылды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске салайық, күндіз Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқан. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная