16 қазан 2018 | 12:02

Атышулы Назар Роллан босатылды

© Tengrinews.kz

Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген 20 жастағы Назар Роллан Алматы қалалық әкімшілік қамауға алынғандарға арналған мекемеден шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген 20 жастағы Назар Роллан Алматы қалалық әкімшілік қамауға алынғандарға арналған мекемеден шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық жігіт камерадағы жеті күн ішінде өмірге деген көзқарасы өзгергенін айтады.

Реклама
Реклама

"Жағдайым дұрыс. Камерада кітап оқыдым. Осы жеті күн бойы өзіме қорытынды шығардым. Енді менің тарапымнан ешқандай ереже бұзушылық болмайды. (...) Бұл апта маған жарты жыл уақыттай өтті. Мені екі немесе үш жылға отырғызған жағдайды елестетіп көріңіздерші. Ешқандай да қылмыстық ереже бұзушылық жасамаймын. Бұл нақты шешім", - деді Роллан. 

Бірақ оны камерадан шыққан кезде ешкім күтіп алған жоқ. Ролланның айтуынша, жақындары оның сағат қаншада шығатынын білмеген.

"Мені үйдегілердің күтіп алмауының себебі маған онда телефон соғуға тыйым салды. Онымен қоса, телефоным өшіп қалды. Ештеңе етпейді, үйге таксимен жетіп аламын. Барлығы жақсы болады", - дейді Роллан.

Осылайша ол үйіне жаяу кетті.

Еске сала кетейік, осыған дейін алматылық жүргізушінің жеті тәулікке қамауға алынғаны жайлы хабарланған болатын. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

"1998 жылғы жүргізушіге қатысты 5 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 1 қазанда Land Cruiser Prado автокөлігін - 28 қыркүйекте Lexus автомобилін мемлекеттік нөмірсіз жүргізу; үшінші хаттама - 596-бабы 3 бөлігі 28 қыркүйекте жолдың қарсы бетіне шығып кету; төртінші хаттама - маневр жасау және жолаушыларды тасымалдау - ол шанамен сырғанаған, бесінші хаттама - маневр жасау ережелерін бұзу. Іс материалдары сотқа жіберіледі, ол көлік жүргізу құқығынан айырылады. Барлық тағылған айыппен жүргізуші келісті", - деген еді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 Алматыда әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жігіт туралы не белгілі


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная