21 қыркүйек 2021 | 12:22

Атыстан қаза тапқан полицейдің артында бес баласы қалды

Дархан Сулеев, Нұрбол Байғазиев.

Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің бірінің артында бес баласы қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің бірінің артында бес баласы қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда өткен брифинг барысында қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов қаза тапқан учаскелік полиция инспекторлары майор Дархан Сүлеев пен капитан Нұрбол Байғазиевтің отбасына көңіл айтты.

"Дархан Сүлеев 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. ІІМ Академиясын бітірген. Қазір оның артында бес баласы қалды. Қаза тапқан екінші қызметкер - Нұрбол Байғазиев. Оның артында екі баласы қалды. Ол 2014 жылдан бері полицияда жұмыс істейді. Екеуі де Ақбұлақ шағын ауданына қызмет көрсетеді. Екеуі де осы аудандағы тұрғындар тарапынан оң пікірге ие, жұмыстарына ешқандай шағымдар болған жоқ", - деп хабарлады Қанат Таймерденов.

Реклама
Реклама

Полиция бастығы офицерлердің жанында қызметтік қару болғанын, бірақ оларды қолданбағанын айтты. Олардың бұл әрекетінің себебін ведомствоаралық комиссия анықтайды. Қанат Тимерденов қызметкерлер үйде әйелдер мен балалар болғандықтан, олардың қауіпсіздігін ойлағандықтан қару қолданбаған болуы мүмкін деген болжам айтты.

ІІМ ішкі істер органдарының жеке құрамы атынан қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная