Атырау облысында заңсыз айналымнан 107 тонна балық алынған

© kp40.ru

Атырау облысында за?сыз айналымнан 107 тонна балы? алын?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ??ірлік коммуникациялар ?ызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында заңсыз айналымнан 107 тонна балық алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік қызметкерлерінің хабарлауынша, өткен жылы су полициясы мен облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы екі мыңнан аса заң бұзушылықты анықтаған. Сонымен қатар, 125 қылмыстық іс жүргізіліп, 35 миллион теңгеге жуық айыппұл төленді. Заңсыз айналымнан 107 тонна балық алынды, оның 2 735 тоннасы бекіре тұқымдас балықтар.

"Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы балық аулайтын кооперативтердің күзгі маусымда лимитті игерулері үшін шара қолданды", - дейді мамандар.

Реклама
Реклама

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір ресми ауланған балықтың көлемі 10 мың тонна болып отыр, ал бейресми мәлімет бұдан да көп.​

"Мен кооперативтердің заңсыз балық аулауды қолдап отырғанын нақты айта аламын. Сіздер заңды қатайту керек дейсіздер, бірақ браконьерлердің қылмыстық жолмен аулаған балықтарын қабылдайсыздар. Бұлай болмайды. Жауапты адамдар аймақтағы барлық балық аулайтын мекемелерге бақылауды күшейтулері қажет", - деді Нұрлан Ноғаев өңірде өткен жиын барысында.

Сонымен қатар, аймақ басшысы браконьерлерден тәркіленген көлік құралдарына қатысты мәселе әлі күнге дейін заңды тұрғыда реттелмегеніне тоқталды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама