Атырау облысының әкімі 100 жастағы кейуанаға пәтер сыйлады

Атырау облысының әкімі 100 жастағы кейуанаға пәтер сыйлады Фото Кaz.gazeta.kz

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамедов әйелдердің халықаралық мейрамы қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерінің жесірі, мерекеде жүз жасқа толатын Жамал Неталиеваға пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1914 жылы туған әжейді облыс әкімі арнайы құттықтап, денсаулық тіледі. Ғасыр жасаған қария бүгінде қызының қолында тұрады. Пәтерге қол жеткізу үшін тоғыз жыл бойы кезекте тұрған екен.Бақтықожа Салахаддинұлы 99 жасқа толған Анфиса Зарщикованы да әйелдер мерекесімен құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыстады. Өңірдегі қыз-келіншектерді төл мейрамымен құттықтаған аймақ басшысы әлеуметтік сала бойынша оларға қамқорлық жасалып отырғандығын айта келе, өңірде әйелдердің өмір сүру деңгейінің жоғарылап келе жатқандығын тілге тиек етті.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама