Атырау облысының әкімі Consolidated Contractors Company компаниясының директорымен кездесті

Атырау облысының әкімі Consolidated Contractors Company компаниясының директорымен кездесті

Consolidated Contractors Company компаниясының директоры Самед Хури, Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының еншілес құрылымы Нұрлан Ноғаевпен кездесуге өңірге келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облысы әкімі қазір жанжал реттелгенін, "Теңіз" жобасындағы жұмысшылардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтты.

Жарнама
Жарнама

"ТШО мен мердігер мекемелердің басшыларына қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақыларын есептеу мен басшылықта қазақстандық кадрларды көбейтуге қатысты міндеттер қойдық", - деді Нұрлан Ноғаев.

Самед Хури өз кезегінде әкімге жанжалды жедел реттеуге көмектескені үшін алғыс айтты және компания тарапынан енді мұндай жағдайларды болдырмау үшін барлық шаралар жасалатынына сендірді. ССС тарапынан әкімдік қойып отырған міндеттемелерді орындау шаралары қабылданатынын айтты.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама