Атырауда бір жылда 5 мың пәтер салынды - Ноғаев

© Тұрар Қазанғапов

Атырау облысыны? ?кімі Н?рлан Но?аев Атырауда былтыр 5 мы?нан астам п?тер салын?анын айтты. Б?л туралы б?гін, 22 а?панда айма? басшысыны? халы? алдында?ы есеп беруінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?кімдікті? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырауда былтыр 5 мыңнан астам пәтер салынғанын айтты. Бұл туралы бүгін, 22 ақпанда аймақ басшысының халық алдындағы есеп беруінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Былтыр Атырау облысында 558,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Бұл дегеніміз 106 үй немесе 5284 пәтер", - деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш тәуелсіздік алғашқы жылынан бері 3,4 есе өскен. Айта кетелік, 1991 жылы облыста салынған үйлердің жалпы ауданы 163 мың шаршы метр болған.

Реклама
Реклама

Жиын барысында Атырауда үй алуға кезекте тұрғандардың саны 100 мыңға жуық екені белгілі болды. Ноғаев үй салу қарқыны биыл да бәсеңсімейтінін айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама