Атыраудағы колледж түлектерінің видеосы Қазнетті шулатты

Атырауда?ы Каспий ма?ы заманауи колледжіні? т?лектері т?сірген видео?ндеу ?азнет ?олданушыларын шулатты. Видеоны? со?ында т?лектер о?у орныны? ?кімшілігі мен педагогтеріне ?атысты бала?ат с?здер айтып, оларды? бірі тіпті орта??ы сауса?ын к?рсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атыраудағы Каспий маңы заманауи колледжінің түлектері түсірген видеоүндеу Қазнет қолданушыларын шулатты. Видеоның соңында түлектер оқу орнының әкімшілігі мен педагогтеріне қатысты балағат сөздер айтып, олардың бірі тіпті ортаңғы саусағын көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоның осыдан бірнеше апта бұрын түсірілгені белгілі болды. Ролик бастапқыда WhatsАpp мессенджерінде таралып, кейіннен әлеуметтік желілерде тарала бастаған.

Реклама
Реклама

ҚР БҒМ баспасөз қызметіндегілер колледж өкілдерінің бұл видео жайлы білетінін хабарлады. Олардың айтуынша, видео талқыланып, ҚР БҒМ департаменті осы видеомен айналысып жатыр.

"Біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби даму департаментінің директоры Насымжан Оспанова бірнеше кеңес берді. Біріншіден, Атырауда колледж басшыларымен жиналып, осы мәселені талқылау керек. Сондай-ақ, біз ата-аналардан балаларының осындай қылығы үшін кешірім сұрауын талап етеміз. Оларды дипломдарынан айыруға құқығымыз жоқ, бірақ қоғамдық айыптау керек", - деді ҚР БҒМ өкілдері.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама