Ауа райы: 18 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

© 47channel.ru

"?азгидромет" орталы?ы жексенбі, 18 а?пан?а арнал?ан ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығы жексенбі, 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

"Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі. Сонымен қатар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейеді - секундына 15-20 метр", - деп ескертті мамандар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде күндіз жел күшейеді деп күтілуде. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама