Ауа райы: Алда жаңбырлы күндер күтіп тұр

© wpapers.ru

Қазақстанда таяу күндері республика бойынша жауын жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 21-23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның батыс облыстарында суық фронттармен байланысты бұлтты массив орналасады. 

"Кавказбен суық фронттар толқынында жаңа циклон қалыптасады, ол осы бұлттылықпен белсенді фронтальды аймақпен жақын арадағы үш күнде Қазақстан аумағы арқылы жылжиды. Сондықтан барлық облыстарда кей жерлерде жаңбыр, найзағай өтеді, желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге дейін күшейеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Метеорологтардың мәліметі бойынша, республиканың оңтүстік және шығыс облыстары жоғары атмосфералық қысым аясында сақталады, бірақ 23 сәуірде мұнда да циклонның және атмосфералық фронттардың жақындауымен жаңбырлы және найзағайлы, бұлтты ауа райы күтіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама