Ауа райы: Алдағы үш тәулікте жаңбыр жауады және найзағай ойнайды

© litavherdi.blogspot.com

Синоптиктер алдағы үш тәулікте елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

31 наурыз бен 2 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болып, кей жерлерде найзағай ойнайды.

"Қазіргі таңда тек оңтүстікте емес, еліміздің барлық аймағында нағыз көктемгі ауа райы сақталып тұр. Оңтүстікте түнгі ауа температурасының өзі плюс 5-10 градус аралығында. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы жылжитын оңтүстік циклонға байланысты басым өңірде жауын жауып, желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, кейбір жерлерде найзағай ойнайды", - деп хабарлады синоптиктер.

Реклама
Реклама

Алайда, мамандардың болжамына сенсек, Иран жерінен келетін бұл циклонның әсерінен климаттық нормадан жоғары ауа температурасы сақталады, тіпті жауын-шашынды күндердің өзінде ыстық болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама