Ауа-райы болжамы: демалыс күндері аяз болады

©РИА Новости

Ауа-райын болжаушылардың мәлімдеуінше, алдағы демалыс күндері ел аумағында аяз сақталып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.Синоптиктердің хабарлауынша, Ресейдің Батыс аймақтарындағы антициклон еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігіне ене бастаған. Бұл күндері түнде 28-35, кей жерлерде -38 градусқа дейін аяз болады. Ара-тұра қар жауып, жел тұрады. "Қазгидромет" бұған дейін қаңтардың 20-сына қарай ел аумағында қатты аяз болады мәлімдеген болатын. Ол күндері шынында да солтүстік облыстарда 25-30, ал оңтүстік облыстардағы ауа температурасы - 20-дан - 25 градусқа дейін төмендеген еді. "Қазақстанның Батыс бөлігінде күндіздің өзінде - 20, ал орталығы мен шығысындағы төменгі ауа температура қаңтардың үшінші онкүндігінде, яғни айдың 21-і күні-ақ кірген болатын", - дейді жетекші инженер-синоптик Нұрсәуле Қуандықова. Ол сондай-ақ, қаңтардың соңы мен ақпанның алғашқы күндері 40-45 градустық өкпе қуыратындай қатты аяз болмайтынын айтты.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама