Ауа райы: Демалыс күндері боран соғады

©Тengrinews.kz

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда жылы температура сақталады, бірақ бірқатар облыста боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

"Демалыс күндері бұрынғыдай республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын – қар, боран, қатты жел, оңтүстігінде – жаңбыр, сулы қар, тұман және көктайғақ болады", - делінген "Қазгидромет" сайтында. 

Мамандардың хабарлауынша, мұндай қолайсыз ауа райы жағдайлары Қазақстанның солтүстік бөлігіне Атлантика циклондарының және оңтүстікке Жерорта теңізі циклондарының тоқтаусыз әсер етуіне байланысты.

Реклама
Реклама

"Өткен үш күнде циклондардың әсерінен температураның ауытқуы нормадан 2-7 градусқа, оңтүстік-шығыста және шығыста 13-20 градусқа жоғары болды. Жақын арадағы үш күнде Қазақстан аумағында температураның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді", - делінген синоптиктердің хабарламасында.  

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама