Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Батыс Сібірді жайлаған, циклонға байланысты қалыптасқан, суық атмосфералық фронт - таяу арадағы екі тәулікте Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында найзағайлы және екпінді желі бар өткінші жаңбыр жаудырады", - делінген хабарламада.

Ал республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында, синоптиктердің болжамына қарағанда, жоғары атмосфералық қысым аясының әсерінен ыстық және жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек Алматы облысының таулы аудандарында ғана өткінші баяу жаңбыр жауып өтеді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама