Ауа райы: Қазақстанда таяу күндері қар жауады

Ауа райы: Қазақстанда таяу күндері қар жауады © Николай Колесников

Синоптиктер 2015 жылдың 22-24 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

"22 желтоқсанда қысқы күнтоқырау болады. 22 ғана емес, 23-24 желтоқсанда да жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түні болады. Ал осы түндерді өткеруге бізге Атлантикадан келетін циклон көмектеседі", - дейді синоптиктер. Айтуларынша, бұл циклон Қазақстанға жылы ауа әкеледі.

Десе де, облыстарда қар жауады және жел тұрады деп күтіліп отыр, бірақ күн жылы болады. Тіпті солтүстік және орталық және шығыс облыстарында жылымық болады екен. "Күндіз 5 градус нольден төмен... 3 градус нольден жоғары. Батыста және оңтүстікте 0-8 градус жылы болады, жауын-шашын, тұман және мұзтайғақ күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қысқа болжам жасаған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама