Ауа райы: Таяуда күн суытып, бұршақ жауады

© Vesti.kz

Қазақстанда таяуда күн суытып, бұршақ жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптердің 21-23 мамыр аралығындағы ауа райы болжамына қарағанда, бұл күндері Батыс Сібірден келген циклон өзінің ықпалымен Қазақстан солтүстігінің жарты аймағын қамтиды. Соның әсірінен кей жерлерде қатты дауыл соғып, желдің екпіні секундына 30-32 метрге жетеді.

"Циклон Шығыс Сібірге қарай жылжиды, алайда таяудағы үш тәулікте суық атмосфералық фронттар республикамыздың ауа райына айтарлықтай әсер етеді. Жаңбыр мен кей жерлерде бұршақ жауады, желдің екпіні секундына 20-28 метр болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Қазақстанның барлық аймағында ауа температурасы көпжылдық орташа нормадан 2-5 градусқа төмен болады деген болжам бар. Тек батыс облыстарда ғана жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама