01 ақпан 2014 10:10

Ауа-райы болжамы: демалыс күндері аяз болады

©РИА Новости

Ауа-райын болжаушылардың мәлімдеуінше, алдағы демалыс күндері ел аумағында аяз сақталып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап. Синоптиктердің хабарлауынша, Ресейдің Батыс аймақтарындағы антициклон еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігіне ене бастаған. Бұл күндері түнде 28-35, кей жерлерде -38 градусқа дейін аяз болады. Ара-тұра қар жауып, жел тұрады. "Қазгидромет" бұған дейін қаңтардың 20-сына қарай ел аумағында қатты аяз болады мәлімдеген болатын. Ол күндері шынында да солтүстік облыстарда 25-30, ал оңтүстік облыстардағы ауа температурасы - 20-дан - 25 градусқа дейін төмендеген еді. "Қазақстанның Батыс бөлігінде күндіздің өзінде - 20, ал орталығы мен шығысындағы төменгі ауа температура қаңтардың үшінші онкүндігінде, яғни айдың 21-і күні-ақ кірген болатын", - дейді жетекші инженер-синоптик Нұрсәуле Қуандықова. Ол сондай-ақ, қаңтардың соңы мен ақпанның алғашқы күндері 40-45 градустық өкпе қуыратындай қатты аяз болмайтынын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram