17 желтоқсан 2018 | 16:47

Ауа райы: Жел күшейіп, тұман түседі

© Николай Колесников

Синоптиктер 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" мамандарының хабарлауынша, сейсенбіде Қазақстан территориясында ауа райының тұрақсыздығы сақталады және басым бөлігінде жауын-шашынды, тек батыста күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Реклама
Реклама

"Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейіп, түнде және таңертең екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Түркістан облысында тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді", - деп ескертті метеорологтар.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жолдарда көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жолдарында көктайғақ болып, жел күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болып, Қарағанды облысында көктайғақ күтіледі. Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Актөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная