Ауа райына байланысты 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райына байланысты 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

10 наурыз сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол.

(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

Жарнама
Жарнама

1. "Қызылорда-Павлодар" - Ұлытау обл.шек-Топар к.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол.

(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 км болатын 2 автожол.

(нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Жезді а-Қостанай обл.шек.

2. "Қызылорда - Павлодар" -Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шек.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 км-ге немесе бүкіл желінің 2,98% - на қолданылады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама