15 қаңтар 2022 | 13:25

Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан - Щучинск тасжолы жабылды

Ақмола облысында бұрқасынға байланысты бірнеше жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында бұрқасынға байланысты бірнеше жол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран) 15 қаңтарда сағат 11:45-тен бастап келесі автомобиль жолдарында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:

  • "Нұр-Сұлтан-Петропавл" автомобиль жолының 18-231 шақырымы Нұр-Сұлтан және Щучинск қалалары арасындағы учаске.
  • "Көкшетау-Атбасар" автомобиль жолының 0-184 шақырымында, Көкшетау мен Атбасар қалалары арасындағы учаске.
  • "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 997-1247 шақырымында, Атбасар және Нұр-Сұлтан қалаларының арасындағы учаске.
Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлардың алдын алып, сіздердің қауіпсіздігіңіз үшін жүргізушілерге алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді. 

Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда 1403 нөмірі бойынша тәулік бойғы call-орталыққа хабарласа аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram