26 наурыз 2021 08:48

Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды

Сурет Tengrinews.kz архивінен

Күн райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық маңызы бар тасжолдарда енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күн райының бұзылуына байланысты қозғалысқа шектеу келесідей республикалық маңызы бар тасжолдарда енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында:

жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1. "Самара-Шымкент" автожолының 776-1153 шақырымында, атап айтқанда, "ЭКО ОЙЛ" ЖҚБ мен (М-32 и А-26) жол айырығы аралығындағы учаскеде.
2. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолының 0-234 шақырымында, атап айтқанда, Қарабұтақ ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде.

Реклама
Реклама

Автокөліктің барлық түрлері үшін
3. "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 3-257 шақырымында, атап айтқанда, Қандыағаш және Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде.
4. "Ақтөбе-Атырау-РФ шек." автожолының 100-180 шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде (учаске реконструкцияланып жатыр, "Юнисерв" ЖШС)

Қостанай облысында:

1. Жүк және қоғамдық көліктер үшін "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" автожолының 234-368 шақырымында, атап айтқанда, Ақтөбе облысының шекарасы мен Денисовка ауылының аралығындағы учаскеде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram