ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қаңтар 2020 | 10:43
Ауа райының қолайсыздығына байланысты біраз жол әлі де жабық тұр - ҚазАвтожол
Республикалық маңызы бар тасжолдардың үш учаскесі ауа райының қолайсыздығына байланысты әлі де жабық тұр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтожол" ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Республикалық маңызы бар тасжолдардың үш учаскесі ауа райының қолайсыздығына байланысты әлі де жабық тұр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтожол" ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды:
Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, 15-105 шақырым (Белоусовка-Риддер) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін)
Өскемен Шемонаиха-РФ шекарасы, 15-105 шақырым (Глубокое-Шемонаиха) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін)
Семей-Кайнар, 8-144 шақырым (Семей-Саржал) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін)
Республикалық маңызы бар автожолдарда 773 бірлік техника жұмылдырылған. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады.
Показать комментарии
Читайте также