ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2022 | 10:39
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жолдар әлі де жабық - ҚазАвтожол
Республикалық маңызы бар тасжолдардың алты учаскесі ауа райының қолайсыздығына байланысты әлі де жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтожол" ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Республикалық маңызы бар тасжолдардың алты учаскесі ауа райының қолайсыздығына байланысты әлі де жабық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтожол" ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысы
29 наурызда сағат 13:30-дан бастап бұрқасын салдарынан Қостанай облысының шекарасынан Державинскіге дейінгі 377-440 шақырымдық "Жезқазған - Петропавл" автожолында көліктің барлық түрлеріне қозғалысқа шектеу енгізілді;
16:40 бастап автожолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді:
"Жақсы-ЕсілБұзылық" 0-64 шақырымы, Жақсы ауылынан Есіл ауылына дейінгі учаске;
"Екатеринбург-Алматы" 917-1003 шақырымы, Жақсы ауылынан Атбасарға дейінгі учаске.
17:40 бастап жолдар жабылды:
"Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" шақырымы 37-180, Ақмол ауылынан Қорғалжын қорығына дейінгі учаске;
37-51 шақырымдағы " Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау", Қабанбай батыр ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске.
18:20-дан бастап жолдар жабылды:
"Екатеринбург-Алматы" 1291-1353 шақырымы, Жібек жолы ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске, "Қазавтожол" ақылы жолдар дирекциясының учаскесі;
"Көкшетау-Атбасар" 100-184 шақырымы, Балкашино ауылынан Атбасарға дейінгі учаске;
"Екатеринбург-Алматы" 1003-1247 шақырымы, Атбасардан Нұр-Сұлтанға дейінгі учаске;
"Екатеринбург-Алматы" 1275-1291 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Жібек Жолы ауылына дейінгі учаске;
"Нұр-Сұлтан-Петропавл" 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі учаске, "Қазавтожол" ақылы жолдар дирекциясының учаскесі.
19:40-тан бастап автожолдар бойынша қозғалыс жабылды:
"Жақсы-Есіл-Бұзылық" шақырымы 64-82, Есіл қаласынан Бұзылық кентіне дейінгі учаске;
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейінгі учаске;
"Жезқазған-Петропавл", Державинск қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі 440-595 шақырым учаске.
20:00-ден бастап автожолдар бойынша қозғалыс жабылды:
"Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 16-37 шақырым, Нұр-Сұлтаннан Қабанбай батыр кентіне дейінгі учаске;
Вячеслав суқоймасына кіреберіс жол 0-17 шақырым, Бабатай кентінен суқоймасына дейінгі учаске.
Ақтөбе облысы
29 наурыздан бастап қарлы боран мен көрінудің нашарлауына байланысты жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді:
"Самара-Шымкент" 776-965 шақырымы, тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін Белогорка ауылынан Қарабұтақ ауылына дейінгі учаске;
15:45-тен "Ақтөбе-Ресей шекарасы" 39-136 шақырым, Шәмші Қалдаяқов ауылынан Ресей шекарасына дейінгі учаске;
19.30-дан бастап "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 0-234 шақырымы, Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске.
Қарағанды облысы
29 наурызда сағат 11.15-тен бастап қарлы боранға және көрінудің нашарлауына байланысты "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 65-252 шақырымындағы Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жолдар 17:30-дан бастап жабылды.
"Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау" 51-266 шақырымы, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі учаске;
"Екатеринбург-Алматы" шақырымдары 1353-1426, Ақмола облысының шекарасынан "Теміртау" өткізу пунктіне дейінгі учаске, "ҚазАвтоЖол" ақылы автомобиль жолдары дирекциясының учаскесі.
18.20-дан бастап жолдарға шектеулер енгізілді:
"Екатеринбург-Алматы" 1426-1457 шақырым, Теміртаудан Қарағандыға дейінгі учаске;
"Қызылорда-Павлодар" 752-906 шақырымы, Атасу ауылынан Топар ауылына дейінгі учаске;
"Қызылорда-Павлодар" 970-1135 шақырым учаскесі Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейін.
19.00-ден бастап жабылатын жолдар:
"Екатеринбург-Алматы" 1505-1847 шақырымдар, Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі учаске, "Казгерстрой" ЖШС қайта жөндеуден өтіп жатқан учаске;
"Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 шақырымы, Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейінгі учаске;
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 шақырымы Қарағандыдан Қарқаралыға дейін;
"Екатеринбург-Алматы" шақырымдары 1455-1505, Солтүстік-Шығыс айналма жолының учаскесі.
20.10-дан бастап "Бастау-Ақтау-Теміртау" тасжолының 0-53 шақырымы, "Қазмұнайгаз" жанармай құю бекетінен Ақтау кентіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылды.
Қостанай облысы
29 наурыздан бастап ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді:
11.30-дан бастап "Жезқазған-Петропавл" 252-340 шақырым, Қарағанды облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі учаске;
13.30-дан бастап "Жезқазған-Петропавл" 340-377 шақырымдары Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
19.30-дан бастап "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 234-262 шақырымы, Ақтөбе облысының шекарасынан Жайылма ауылына дейінгі учаске;
19.30-дан бастап "Қостанай-Әулиекөл-Сұраған" 218-234 шақырымы, Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске.
Павлодар облысы
29 наурыздан бастап ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді:
18.40-тан бастап "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 шақырымдар Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін;
19.15-тен бастап "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 0-231 шақырымы, Қалқаман ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаске;
"Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" 200-254 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі учаске.
Солтүстік Қазақстан облысы
29 наурызда сағат 19.40-тан бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 595-624 шақырымында, Ақмола облысының шекарасынан Дружба ауылына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также