26 шілде 2020 | 17:49

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Фото: nedelya40.ru

Нұр-Сұлтан қаласында және 6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласында және 6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 шілдеде Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларында найзағай соғады.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градус ыстық болады.

Павлодар облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің күші 18 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында күн күркіреп, кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел күшейіп, өрт қаупі сақталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram