09 қараша 2019 | 09:31

Ауа райының қолайсыздығына байланысты кей өңірлерде еркерту жарияланды

Камила Долаева Журналист
Pixabay.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 қарашада Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 қарашада Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын, көктайғақ болып, боран соғады және тұман түседі. Оңтүстік-батыстан келген жел солтүстік-шығыс және шығысқа ауысады. Кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан мен Көкшетауда тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында қар, жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, боран болады. Жел секундына 15-20 метрге дейін.

Қазақстанның басқа өңірлерінде де ауа райы тұрақсыз болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында көктайғақ болады және қатты жел соғады. Кей жерлерде тұман болады. Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақтөбе облысында секундына 15 метрге дейін жел соғады деп болжанды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram