“Ауаның ластану деңгейін төмендетеді“ - Тоқаев үкімет пен Алматы әкімдігіне мақсат қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласын дамытудың алдағы уақыттағы бірқатар мақсаттарын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласын дамытудың алдағы уақыттағы бірқатар мақсаттарын белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстанның энергетикалық әлеуетін нығайту – басымдыққа ие міндет. Биыл батыс аймақтардың электр желісін күшейтетін бірегей жоба аяқталады. Бұл жоба Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының энергетикалық тораптарын біріктіреді. Енді осы тораптарды бірыңғай ұлттық энергетика жүйесіне жалғау қажет. Елімізде басқа да ірі жобалар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, Екібастұздағы екінші ГРЭС-те жаңа энергоблоктар салынады.

Сондай-ақ үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталмақ. Бұл нысандар еліміздегі энергетика жетіспеушілігін жоюға тиіс. 2026 жылы Алматыдағы электр станцияларын жаңғырту – Үкімет пен әкімдік алдында тұрған маңызды мақсат. Сол арқылы ауаның ластану деңгейін төмендетіп, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту қажет. Бұған қоса, келесі жылы Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ қондырғысы бар электр станцияларын толық іске қосу керек. Біз 2035 жылға дейін 26 гигаваттан астам қуат көзін өндіретін нысандарды іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама