01 қыркүйек 2021 | 12:31

Аудан әкімдерін сайлау 2024 жылы өтеді - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтетінін айтты. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы аудан әкімдерінің сайлауы өтетінін айтты. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент ауыл әкімдерін тікелей сайлау маңызды қадам болғанын мәлімдеді.

"Бұл былтырғы жолдауда мен ұсынған саяси реформаның іргелі сәті. Бұл шешім ауыл тұрғындарының мүдделеріне тікелей әсер етеді, яғни қазақстандықтардың - 40 пайызы. Біз дұрыс жолдамыз. 2024 жылы халық пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлайтын деңгейде болады", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Президент 2020 жылғы жолдауында ауыл әкімдерін сайлауда халықтың дауыс беруі туралы ұсыныс айтты.

"Сауалнама көрсеткендей, жұртшылық ауыл әкімдерінің сайлануын қолдайды. Бұл маңызды қадам, оған мұқият және жүйелі түрде қарау керек. Біз бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты түсінуіміз керек. Менің ойымша, ауылдарда әкімдер сайлауын өткізу қажет", - деді Тоқаев.

2021 жылы мамырда Президент "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға әкімдердің сайлауын енгізуді және барлық кандидаттарға қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерге қол қойды.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная