15 наурыз 2023 | 11:50

Аудандарда сот төрағаларын дауыс беру арқылы сайлау жоспарланған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстанда сот төрағаларын дауыс беру арқылы сайлау жоспарланған. Бұны аудандық соттардан бастау туралы шешім қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда сот төрағаларын дауыс беру арқылы сайлау жоспарланған. Бұны аудандық соттардан бастау туралы шешім қабылданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат депутаттары сот жүйесіне, судьялардың мәртебесіне, сондай-ақ іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге және сот жүйесін реформалауға қатысты екі заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Өзгерістердің бірі аудандық сот төрағаларының сайланбалы элементін енгізуге қатысты.

Реклама
Реклама

"Бұл мәселені заңгерлер қауымы, кәсіпкерлер, судьялар көптен бері көтеріп келеді. Бұл тек шалғайдағы және шағын соттарға қатысты емес. Бізде елорда мен облыс орталықтарында төрағасыз 15 сот бар", - деді сенатор Андрей Лукин.

Депутаттар сайлау құқығының енгізілуі бұл жағдайды өзгертеді деп есептейді: сот билігінің өзі кандидаттарды ұсынып, беделді судьяларға өзін-өзі ұсынуды сұрайды. Бұл ашықтықты арттырады және мансап жолын айқынырақ етеді деп күтіледі.

"Жоғарғы соттың судьяларын да баламалы негізде Сенат сайлайды. Сенатта кемінде екі судьядан тұратын таңдау болады", - деп қосты Лукин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная