Аудит 2 триллион теңгеден аса заңбұзушылықтарды анықтады - Смайылов

Дина Шарипханова Корреспондент
Аудит 2 триллион теңгеден аса заңбұзушылықтарды анықтады - Смайылов Фото: gov.kz

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның 2025 жылғы жұмысының алдын ала қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның 2025 жылғы жұмысының алдын ала қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 желтоқсандағы жағдай бойынша, Жоғары аудиторлық палата 71 триллион теңгеден аса қаражатты қамтыған 32 аудиторлық іс-шараны аяқтаған.

Нәтижесінде 2 триллион теңгеден аса заңбұзушылықтар (қаржылық заңбұзушылықтар, тиімсіз пайдалану және жоспарлау) анықталғаны айтылды.

Реклама
Реклама
  • 193 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
  • Тағы 204 адам әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

"Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар 70 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Олардың 44-і бойынша материалдар жіберілсе, 26-сы қаралу сатысында.

Бұл жұмыс тұрақты жүргізілуде және қатаң бақылауда", — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама